Шығыс Қазақстан облысында Абай атты 378 азамат тұрады. ҚР ӘМ АХАТ басқармасының мәліметінше, 18 232 қазақстандықтың есімі ақын, ағартушы және философ, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай құрметіне қойылған. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бүгінде ең үлкен Абай 92 жаста болса, ең кішісі небары 2 күн бұрын туған. Кішкентай Абай 2020 жылғы 20 қаңтарда Сарыағаш қаласында дүниеге келді. Соңғы 10 жыл ішінде (2009-2020 жж.) ата-аналар балаларына Абай есімін 2470 рет таңдаған. Ең көбі Түркістан облысында (415), Алматы (321) және Нұр-Сұлтан (273) қалаларында тұрады.