Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда жауын-шашын жауады. Ауа райы құбылмалы болады. Тұман, көктайғақ, бұрқасын, солтүстік аймақтарда желдің екпіні 23-28 м/с күшеюі ықтимал.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облысында бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел екпіні 23-28 м/с артуы мүмкін. Ақтөбе, Жамбыл облысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-23 м/с артады. Қарағанды облысында тұман, жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын, тұман, көктайғақ болжанады, желдің екпіні 15-25 м/с артады. Павлодар облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел екпіні түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с жетуі ықтимал. Алматы облысында тұман, көктайғақ болады, түнде желдің екпіні 15-20 м/с артады. Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Түркістан облысында тұман, көктайғақ болжанады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Қызылорда, Маңғыстау облысында тұман, Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с артуы ықтимал.