«Тендер алуға көмектесемін» – Ақтөбе тұрғыны 14 миллион теңгесінен айырылды
«Тендер алуға көмектесемін» – Ақтөбе тұрғыны 14 миллион теңгесінен айырылды
124
оқылды

Ақтөбе облысы Полиция департаментіне 42 жастағы кәсіпкер әйел арыз түсірді. Ол бейтаныс әйелдің сөзіне сеніп, 14 миллион теңгесінен айырылды.

Полицейлер жедел іздестіру барысында Ақтөбенің 38 жастағы тұрғынын анықтады. Күдікті кінәсін мойындады. Тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұловтың айтуынша, күдіктіден үш адам жапа шеккен.