Білім саласындағы белестер
Білім саласындағы белестер
651
оқылды

Тәуелсіздікке қол жеткізген тұста ерекше мән берілуі керек бірден-бір сала білім саласы болды. Олай дейтініміз, енді ғана дамуға бағыт алған елге нағыз мықты мамандар ауадай қажет еді. Әрі мемлекеттің ертеңі бүгінгі білімді ұрпаққа тікелей байланысты екені бесенеден белгілі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың білімді болуы үшін барлық жағдайдың жасалуына мән берді. Өйткені білім ғана бә­се­келестік бәйгесінде қатардан қал­мауға септігін ти­гізетін еді. Ендеше осы 30 жыл ішінде назардан тыс қал­май, жыл сайын дамуы көзделген білім саласының аяқ алысы қан­­­­дай екенін талдап көрелік. Мақсат қаншалықты орындалып жатыр? Бұл салада жасалған реформалар жемісін берді ме?

­­Егемен Қазақстандағы білім беру жүйесінің құқықтық негізін қалыптастыру үшін 1992 жылы «Білім туралы», 1993 жылы «Жо­ғары білім туралы» заң қа­былданған болатын. Сол жылдары өмір сүр­гендер көзбен көрсе, жастар тағы қандай қиын кезең болғанын үлкен­дерден естігені анық. 90-жыл­дары елде әлеуметтік-экономи­ка­лық та, әлеуметтік-саяси да дағ­­дарыс жай­­ла­­ған еді. Соған қарамас­тан білім саласына ба­рынша көңіл бөліп, осы бағытта қолдау барынша жасалды. Соның арқасында жемісті нәти­­желерге қазір қол жеткізіп отырмыз. Бір атап өтерлік жайт, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та барлық Жолдауларында білім беру мәсе­­­лесіне көңіл аударып, саланың бә­секеге қабілетті болуына басым­дық беріп келеді.

ҰБТ: білімді бағалаудың жақсы әдісі

Айтқандай, тиісті заңдар қа­­­былданды. Одан кейінгі жылдары білімнің әр саласына жеке-жеке назар аударылып, тиісті концеп­­­­циялар жасалды. Оның нәтижесі ретінде 1998 жылы-ақ ашылған білім орталықтарын мысал қылуға әбден болады. Айталық, бүгінге дейін қарқынды жұмыс істеп келе жатқан республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орта­­­лы­­ғы­ның нәтижесі айтарлықтай қуан­тады. Дарынды балаларды анық­­тап, олардың әлеуетін дамы­­туға жағдай жасалды. Соның жемісі ретінде қазір түрлі халықаралық олим­­пиадада қазақстандық оқу­­шылар жүлде алып, әлемнің ең мы­қ­ты университеттеріне мектеп қа­бырғасында оқып жүріп-ақ ша­қырту алып жатқанын айтуға болады. Тәуелсіздік жылдарындағы орта білім жүйесінде болған келесі өз­геріс – 11 жыл бойы үздік оқып, «бестіктен» басқа баға алмаған оқушыларға тағайындалатын «Ал­тын белгі». Жылдар бойғы білі­мінің дәлелденетін сәтінде талай оқушы толқып, иыққа артылған жауап­кершілікті сезінді. 2000 жылдары білім саласында біршама реформа болды. Оның ішінде 2003 жылы енгізілген ҰБТ-ны ерекше атап өту керек. Осылайша, ұлттық бірыңғай тестілеу мектептегі ем­тиханның да, жоғары оқу орнына түсетін сы­нақтың да жүгін арқалады. Күні бү­­­­гінге дейін тестілеу жүйесіне тиіс­ті өзгерістер енгізіліп тұрады. Мә­селен, биылғы сынақ бұ­рын­ғы­­­лар­дан мүлдем басқаша болмақ. Атап айтқанда, әр бала сынақты компью­тер арқылы тапсырып, дұрыс не бұрыс жауапты бірден біліп оты­рады. Әрі жаңа форматқа сәйкес, 100 күнге созылатын ҰБТ-да түлек өзі қалаған күні тапсырады. Бұл бір жағы, бала бойындағы күй­зеліс пен уайымды азайтуға септігін тизігетін болса керек. Ал бақылау жағы жыл сайын қатаңдай түсіп жатқаны белгілі. Өйткені маңызды сынақ кезінде түрлі қи­тұрқы әре­кеттердің кө­мегімен жоғары балл алып жатқандар аз емес. Соның алдын алып, 100 пайыз әділ өтуі үшін әр баланың жанына бір камерадан қойылады деседі. Не де болса, мектепте алған білімді қоры­тын­­дылап, бағалаудың әзірге ең тиімді әдісі осы тестілеу болып отыр.

1 865 мектеп салынды

Жаңа ғасырға қадам басқан тұстағы тағы бір маңызды қадам – білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін енгізу. Бұл саланы да­мытуға күш салып, қанатын кеңге жаюға мүмкіндік жасалды. Мәсе­лен, отандық білім саласының әлем­­­дік білім беру кеңістігімен біте қайнасу мақсат етіп қойылған еді. Сол бағытта оқу процесіне жаңа ақ­­­­параттық және кредиттік техно­­­логиялар енгізілді. Ақырындап 12 жыл­­­дық білім беруге ауысу жол­дары да ел арасында айтылып, тал­­­­­­­қылана бастады. Байқасақ, мұ­ның бәрі халықаралық стан­­дарт­­­тарға сай болуға алдына міндет етіп қойған елдің қадамы екен. Мектеп және балабақша салу мәселесіне де ерек­ше ден қойылды. Арнайы бағ­дар­ламалар қолға алынып, нә­ти­жесінде 1991-2020 жылдары ара­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­лығында 1 865 мектеп салынған. Жаңа білім ордаларын салу бала санының артуына байланысты әрі екі-үш ауысымдық, апатты жағ­­дай­дағы мектептерді азайту үшін әлі күнге дейін басты назардан түспей келеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сү­ретіндер – бү­­гінгі мектеп оқу­­­шы­лары. Мұ­ғалім оларды қалай тәр­биелесе, Қа­зақ­стан сол деңгейде болады. Сон­дықтан ұстазға жүк­телетін міндет ауыр» деген болатын.

11 081 азамат шетелде білім алған

Сонымен бірге орта білім саласындағы ең ірі жетістіктің бірі ретінде халықаралық және зият­керлік мектептердің ашылуын мақ­­танышпен айта аламыз. 1996 жылы алғашқы түлектерін ұядан ұшырған қазіргі Білім инновациялық лицей, кезіндегі Қазақ-түрік лицейлері ел арасында үлкен беделге ие. Ашыл­ған сәттен бері осы күнге дейін ли­цей түлектерінің жоғары оқу орын­дарына түсу, түрлі додадан жеңім­паз болып, жүлде алу пайызы едәуір жоғары. Сәйкесінше, түлек­тердің кадр ретінде де бағасы жо­ғары. Айта кетерлігі, БИЛ жұмысын қадағалайтын KATEV халықаралық қоғамдық қоры Қазақстан мен Түркия арасындағы білім салас­ындағы екіжақты келісімнің, екі ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Тұрғыт Озалдың қолдауымен құрылған еді. Одан бөлек, 2008 жылы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша Зияткерлік мектептер құру жөнін­дегі жоба іске қосылғаны белгілі. Сол сәттен бері сапалы білімнің бас­ты индикаторларының бірі бо­лып келеді. Бүгінде республи­­камыздың әр облысынан бой кө­­­терген зияткерлік мектептер желі­­сінің жалпы саны – 22. Оқушы­­лардың біліміне мұғалімдердің білігі тікелей әсер етеді. Мұнда оқуға қа­­­былдану қандай қиын болға­­нын­дай, жұмысқа орналасу да оңай емес. Өйткені іріктеу өте күрделі процестен тұрады. Мәселен, мұға­лімдер құрамына көз салсақ, 79 пайызы – магистр, 19 пайызы – бакалавр, 2 пайызы – PhD докторы және 1 пайызы ғылым кандидаты екен. Зияткерлік мектепте білім алатын оқушылардың жетістігі де ауыз толтырып айтарлықтай. Бірі ғылыми жаңалық ашса, енді бірі жаңа технологияны «шемішкеше шағып», роботтың түр-түрін құрастырады. Орта білімдегі басты жетіс­тіктерден кейін жоғары оқу орын­дарына көшсек. Әлбетте, жаңа құрылған мемлекетке бәрін «нөл­ден» бастау оңай емес. Ал инсти­­туттар мен университеттердегі бі­­­лімді бір жолға қою тіпті қиын. Мы­­­салы, егемендік алғанға дейін елімізде бар болғаны екі универси­тет – ҚазМУ және ҚарМУ болса, қазір саны еселеп өсті. Әрі бұл про­цестің аз жылдың өзінде көрсеткіші көңіл толтырды. Айталық, араға алты жыл салып-ақ, Қазақстанның жоғары білім жүйесінде 83 мемле­­кеттік емес және 57 мемлекеттік жоғары оқу орны жұмыс істеп жатты. Бұл дегеніміз, жаңа ғасыр басталған кезде жоғары оқу орын­дарында дүмпу болғанын көрсетеді. Осы салада да халықаралық тә­жірибелер мен үлгілер есепке алынады.

Елбасы «Болашаққа» сенеді

 Әсіресе, ең сәтті іске асы­рылған бағ­дарлама — «Бо­лашақ». Талай қазақ баласының дү­ниежүзіндегі ең рейтингі жоғары, белді де беделді оқу ордаларында білім алуына мүм­кіндік берді. Басқамен бас қа­­­тырмай, білімге ғана ден қоюы үшін студенттерге бар жағдай жасалды. Бұл бағ­дарлама сонау 1993 жылы Ел­басының бас­тамасымен іске асы­рылған еді. Осылайша, 1994 жылы АҚШ, Ұлыбритания, Гер­­мания және Франция сынды ел­­­дердің уни­верситеттеріне оқуға ат­танды. Ал­ғашында бакалавр дә­­­режесін алуға мүмкіндік берген бағ­­­дарлама қазір магистратура және док­торантура бойынша білімді же­тілдіруге жол ашады. «Болашақ» бағдарламасы шең­берінде 1993 жылдан бастап қазірге дейін елі­­­міздің 11 081 азаматы білім алған. Жыл өткен сайын шәкіртақы алуға ұм­тылушылар санының өсуі де, өтуге қойылатын талаптың күшеюі де сапа мен сұраныстың жоғары екенін дәлелдеп отыр. Университет қабырғасында оқып жүргендерге қазір мүмкін­дік мол. Оның ішінде, бір семестр ауы­­сыммен елдегі басқа оқу ор­нына, болмаса шетелдегі білім ор­­­дасына жолдама алу оңай. Одан бөлек, шет­­елдік гранттар саны да көбейді. Сө­­­­зімізді растау үшін мы­­надай дерек келтірсек болады: бү­­гінде ха­лық­аралық үкімет­аралық ке­­­­лі­­­­сім­­­­шарт­­­тар шеңбе­рінде шет­ел­дік грант­­­­­тарға 3 259 азамат ие бол­ған, академиялық ұтқырлық бойын­ша 10 жыл ішінде мем­лекеттік бюд­­жет есебінен шет­елге оқуға 6 412 адам жі­­­­­­­­­­­­­­­­­­­бе­рілген. Мем­лекет қол­­дауының арқасында білімін же­­­тілдіріп, жаңа күш-жі­гермен іске кірісуге кедергі жоқ. Демек, бұл ба­ғытта іске асы­рылып жатқан жұ­мыстың нәтижесі де көзге көрі­­ніп, бақылаудың мы­ғым екенін көріп отырмыз. Тұңғыш Президент бір сөзінде «Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ» деген болатын. Расында, жас­тарға сенім артылып тұрған соң, ол елдің болашағын жар­­­­­­­­қын ету үшін білімді азаматтар санын көбейту қажет.

Айша ЕРСҰЛТАН