Орман шаруашылығы қызметкерлері ұсталды
Орман шаруашылығы қызметкерлері ұсталды
121
оқылды

Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының Бұқтырма бөлімінің басшысы мен бірқатар қызметкерлері парақорлық ісі бойынша ұсталды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Браконьерлікпен күресті күшейту аясында Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Экология минситрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Бұқтырма бөліміндегі жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілері тиылды.

«Жалпы қамқорлық пен тыйым салынған әдістермен (синтетикалық моножіп), сондай-ақ уылдырық шашу кезінде Бұқтырма су қоймасының резервтік (тыйым салынған) учаскелерінде балық ресурстарын заңсыз аулауға тыйым салу шараларын қабылдамағаны үшін браконьерлерден жүйелі түрде 50 мыңнан 200 мың теңгеге дейінгі көлемде пара алғаны үшін күдікті болып танылған аталған бөлімнің басшысы мен бірқатар қызметкерлерге қатысты сотқа дейнгі тергеу басталды», – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасады. Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

https://youtu.be/U9AaUlSUUNY