Туристерді тамсандырар нысандар
Туристерді тамсандырар нысандар
142
оқылды

Туризм саласын дамытуға күш салып жатқан Түркістанда ЮНЕСКО-ның қорғалу аймағындағы ғимараттар Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің биіктігінен аспайды. Барлық жерде мавзолей көрініп тұруы қажет. Сонымен қатар бұл аумақтағы қазақы нақыштағы ою-өрнектермен безендірілетін ғимараттар мен баспаналар ортаазиялық үлгіде салынады. Бұл туралы облыс әкімі Ө.Шөкеевтің қаладағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысу кезінде айтылды.

Туризм саласын дамыту мақса­тында көптеген жоба жүзеге асып жатқан Түркістанда, әсіресе мә­дени-рухани орталықтағы ха­лық­аралық деңгейдегі нысандар әлем туристерін қызықтыратын әрі тарихтан сыр шертетін ғажап орта­лыққа айналады. Өйткені қасиетті қала Түркі әлемінің астанасы ре­тінде әлемдік аренада Қазақстан­ның беделін биіктете бермек. Атал­ған құрылыс жұмыстарының барлығы өңір басшысының қатаң қадағалауымен жүргізіліп отыр. Түркістан қаласында шаһарға ерекше көрік беретін ауқымды жобалардың құрылысы жалғасуда. Солардың бірі де бірегейі – «Ке­руен сарай» кешені. Жоспар бойынша бұл кешен көне заманның ежелгі сауда алаң­дарын еске түсіретін үлкен шығыс үлгісіндегі базарға айналады. «Кер­уен сарай» аумағында қонақ­үйлер, кинотеатрлар, мейрам­ханалар, та­рихи-сауда көшесі мен жасанды көлмен қатар, кешенге жақын жерде Keruen Sarai тұрғын үй ке­шені  орналасады. Тұрғын үй ке­шенінің көрінісі негізгі кешен мен көне қала орталығының жал­пы келбетіне сәйкес, ежелгі қала­ның рухын, қайталанбас үлгісі мен бірегей сәулетін сақтайды. Сондай-ақ Түркістан қаласы­ның мәдени-рухани орталығында заманауи баспаналар бой көтерді. Көне шаһардың ең көрікті жерінде орналасқан Keruen Sarai тұрғын үй кешенінен пәтер мен таунхаус сатып алуға болады. Шығыстың әсем келбеті мен ежелгі шаһардың бірегей бейнесі сақталған кешен  Ясауи кесенесіне жақын жерде орналасқан. Тұрғын үй кешені екі және үш қабатты 9 кешеннен тұрады. 1, 2 және 3 бөлмелі пәтер мен таунхаустан тұратын 125 тұр­ғын үй жайғасқан. Түркістаның жаңа көрікті ау­ма­ғындағы құрылыс барысын об­лыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ара­лап көрді. Құрылысшылармен кездес­кен өңір басшысы жауапты тұлға­ларға демалыс орындарын­дағы балалар алаңқайларының сапасы мен қауіпсіздігін жіті қада­ғалауды жүктеді.

Тельман БЕЙСЕН, Түркістан облысы