Түркияда әскери тікұшақ апатқа ұшырады
Түркияда әскери тікұшақ апатқа ұшырады
104
оқылды

Оның ішінде бір генерал бар. Одан басқа екі адам жарақат алды. Түркия Қорғаныс министрлігі оқиғаның болғанын растады. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады.

Қайтыс болғандардың бірі – түрік құрлық әскері 8-корпусының командирі, генерал Осман Эрбаш.

Дереккөздің жазуынша, Бингельден Татванға ұшқан «Кугар» тікұшағымен байланыс үзілген соң, іздеуге ұшқышсыз ұшатын аппарат, CN-235 ұшағы, тікұшақ жіберілген. Іздеу нәтижесінде, тікұшақ құлаған жерде тоғыз мәйіт және жарақат алған төрт адам табылды.

Апаттың мән-жайы анықталып жатыр.