Филармония жастары Волентерлар жылына үлес қосуға дайын
Филармония жастары Волентерлар жылына үлес  қосуға дайын

Былтыр мамыр айында Қостанай қаласында қазақстандық және ресейлік жастардың басын қосқан форум өтіп, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жастар жылының» жалғасы ретінде 2020 жылды волонтерларға арналатынын айтқан еді. Расымен, биылғы жыл «Волонтерлар жылы» деп аталды. Осы орайда, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының өнерпаздары бұл жыл туралы өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.

1.jpg

Айбек Әрімбек, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының ​ «Қорқыт» дәстүрлі музыка тобының домбырашысы: «Волонтер бұл – қоғамға өлшеусіз үлес қосып, қолдауды күтетін жандарға қол ұшын созып, ең бастысы мемлекетке оның бір бөлшегі ретінде ерікті түрде көмек көрсететін адам. Латын тілінен аударғанда оның мағынасының өзі «ерікті», «бірнәрсені жасауды қалайтын» дегенді білдіреді. Ал еріктіліктің нақты және қарапайым мысалы бұл – сенбіліктер. Филармония ұжымы әрдайым қоғамдық жұмыстарда бас болып, табиғат-ананың гүлденуіне жұмыс істеп келеді. Қыста «Астана» концерт залы аумағына жиналған қар, күз-көктемде солған жапырақтарды тазартуға бірауыздан келісіп, бой көрсетіп келеміз. Әрбір қазақстандық та басқа істі мойындарына жүк қылып артқысы келмесе, волонтерліктің қарапайым үлгісмі сенбілікке шығып, осы әсем табиғатымызды аялауға атсалысса деген тілегім бар».

Берік Батырханұлы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының сифониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі: «Еріктілердің жұмысы – нағыз ақы төленбейтін жұмыс. Волонтерлар тек үйретушілер ғана емес, олар тәжірибе, арнайы дағдылар мен білім алуға, жеке байланыс орнатуға көбінде жұмыс істейді. Қазақстандағы еріктілердің белсенділігі мені қуантады. Олардың іс-әрекетін көріп, біз сияқты жастар жігерленеді. Олар қоғамды толыққанды өзгерте алатынына сенім мол. Филармония жастары әрқашан аналар-балалар үйіндегілерді қуантып, қайырымдылық шараларында өз өнерлерін паш етіп жүр. Бұл – рухани тұрғыда волонтерліктің дамуына қосылған үлес деп білемін».