Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
118
оқылды

ММА-дан 2021 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда 27 қараша мен 5 желтоқсан күндері аралығында өтеді. Ересектер арасындағы жарыспен қатар Қазақстанда жастар арасындағы (18-20) әлем чемпионаты да ұйымдастырылады.

Бұл туралы Ресейдің ММА одағының президенті Радмир Габдуллин мәлім етті. «Наурыздың басында ұлттық құраманы қалыптастыратын Ресей чемпионатына федералдық округтер бойынша іріктеу кезеңі басталады. Биыл округтердегі кейбір чемпионаттарда әйелдер құрамасына іріктеу де басталатыны өте маңызды», – деді Габдуллин. Еске сала кетсек, таяуда Алматыда аралас жекпе-жектен Naiza FC 29 жарысы аяқталды. Қазақстандық фейтер Серік Разгалиев кәсіби мансабындағы алтыншы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Оның қарсыласы Қырғыз Республикасының спортшысы Манас Темірбеков болған.

Ж.АҚҚАЙЫР