Елде интернетке қолжетімді 16 миллион ұялы байланыс абоненті тіркелген. Ranking.kz-тің зерттеуінше, былтырмен салыстырғанда 6,8%-ке артық.
Бір жылда интернетке қосылған абоненттер саны 5,1% өсіп, 2,6 миллионға жетті. Интернетті пайдаланушылар қатары көбейген. [caption id="attachment_116964" align="aligncenter" > Фото: ranking.kz[/caption] Қазақстанда мобильді интернеттің тарифі салыстырмалы түрде арзан. Әлемдік рейтингте интернет тарифі ең арзан 10 елдің қатарына кіреді.Қазақстан былтыр әлем бойынша 6-орында болған. Жалпы рейтинг 228 елдің бағасын сараптаған болатын.