Жаңа Үкімет жасақталды, Кавказ үшін құрылған министрлік тарады – Ресей
Жаңа Үкімет жасақталды, Кавказ үшін құрылған министрлік тарады – Ресей

Премьер-министр Михаил Мишустин Ресей президентіне Министрлер кабинетін таныстырды, – деп жазады 24.kz.

Жалпы, Министрлер кабинеті жартылай жаңартылды. Бұрынғы Үкімет құрамындағы ең беделді министрлер – Сергей Лавров пен Сергей Шойгу өз қызметтерінде қалды.

Вице-премьерлердің саны оннан тоғызға дейін қысқарды. Олардың жетеуі ауысты.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа кабинет бұрынғы үкіметтің қолынан келмеген міндеттерді атқаруы тиіс.

Ең алдымен ұлттық жобаларды жүзеге асыруы қажет. Ресей президенті Владимир Путин: «Ең басты міндетіміз – азаматтарымыздың әл-ауқатын көтеру, мемлекеттігімізді және еліміздің әлемдегі орнын күшейту болып тұр. Мұның бәрі қолдан толық келерлік іс», – деді.

Айта кетейік, Владимир Путин Солтүстік Кавказ істері бойынша министрлікті таратты. Осы өңірді дамытуға бағытталған бұл мекеме осыдан 6 жыл бұрын құрылған еді.