Түркістаннан Стамбұлға тікелей әуе рейсі ашылады
Түркістаннан Стамбұлға тікелей әуе рейсі ашылады
131
оқылды

Рейстер 21 наурыздан бастап жұма және жексенбі күндері қатынайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Түркістан – Ыстамбұл бағытындағы билет бағасы бір бағытқа шамамен 39 999 теңгеден басталады. Жолаушылар көбейсе, екі араға күн сайын ұшақ қатынайды. Сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 8 наурыздан Өзбекстанға жаңа рейс ашылатынын хабарлаған болатын. Ақтау мен Үргеніш арасында аптасына 2 рейс қатынайды. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Бұған дейін «Жаңадан ашылған Түркістан әуежайы қаңырап бос қалмай ма?» деп жазған болатынбыз.