Рейстер 21 наурыздан бастап жұма және жексенбі күндері қатынайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Түркістан – Ыстамбұл бағытындағы билет бағасы бір бағытқа шамамен 39 999 теңгеден басталады. Жолаушылар көбейсе, екі араға күн сайын ұшақ қатынайды. Сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 8 наурыздан Өзбекстанға жаңа рейс ашылатынын хабарлаған болатын. Ақтау мен Үргеніш арасында аптасына 2 рейс қатынайды. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.Бұған дейін «Жаңадан ашылған Түркістан әуежайы қаңырап бос қалмай ма?» деп жазған болатынбыз.