Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кугар» әскери тікұшағының апатқа ұшырап, бірнеше адамның қаза болуына байланысты Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанға Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Түркияның шығысындағы Бингёль аймағында апатқа ұшыраған «Кугар» әскери тікұшағында құрбан болған және зардап шеккендер туралы ақпаратты терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ, бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын. Алла тағаладан қаза болғандардың жандары жәннатта болуын, жараланғандардың тез арада сауығып кетуін тілеймін», – деп жазылған жеделхатта.Бұған дейін Түркияда әскери тікұшақ апатқа ұшырағанын хабарлаған болатынбыз.