Қазақстанда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін
97
оқылды
Елімізде тағы бір мереке пайда болуы мүмкін. "Ашық НҚА" порталында атаулы күнді бекіту туралы үкімет қаулысының жобасы жарияланды.  Жаңа мерекені енгізу туралы ұсынысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жасаған. Ведомство елдегі мереке күндерінің тізімін өзгерту туралы үкімет қаулысының жобасын дайындаған. Жобаға сәйкес 15 сәуірді Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмыскершілер күні етіп белгілеу ұсынылған. Қаулы жобасын қоғамдық талқылау 25 наурызға дейін жалғасады. Қаулы жобасымен толығырақ мына сілтеме арқылы танысуға болады.