Санитарлық дәрігерлер қазақстандықтарға үндеу жасады
Санитарлық дәрігерлер қазақстандықтарға үндеу жасады
99
оқылды
Санитарлық дәрігерлер 8 наурыз мерекесі қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады.  
«8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңындағы мереке және демалыс күндері барлық шектеу шарасы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің және өңірлердегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің, Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысына сәйкес әлі де өз күшінде»,– делінген хабарламада.
  Біз ел тұрғындарын жақындарыңызды және айналаңызды коронавирус инфекциясынан қорғауы тиіс маңызды ережелерді есте сақтауға шақырамыз: – адамдар көп жиналатын орындарға бармаңыз; – ұжымдық іс-шараларды өткізбеңіз немесе оған қатыспаңыз; – денені суықтатып алмаңыз; – қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтықты сақтаңыз; – маска режимін сақтаңыз; – қолыңызды сабынмен жуыңыз немесе антисептикті мүмкіндігінше жиі қолданыңыз; – дене қызуы немесе әлсіздік белгілері болса, дереу дәрігердің көмегіне жүгініңіз; – үй-жайларды үнемі желдетіп отырыңыз; – үйде күн сайын тазалық жүргізіңіз. Сонымен қатар дастарқан басына отырғанда тамақтан улануды, ішек инфекцияларын естен шығармаған жөн.