Елордада екі бағыттағы жол жабылды

Елордада екі бағыттағы жол жабылды

Ауа райының нашарлауына байланысты елордада екі бағыттағы жол жабылды,– деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі. 5 наурызда сағат 16:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі) республикалық «Екатеринбург – Алматы» автожолының 1 291-1 426 шақырымында (Нұр-Сұлтан қаласынан Теміртау қаласына дейін) барлық автокөлік түрлері үшін жол жабылды. Бүгін сағат 16:10-нан бастап қолайсыз ауа райына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі) республикалық «Нұр-Сұлтан қаласы – Қабанбай батыр ауылы, Киевка кенті – Теміртау қаласы» автожолында (16-32 шақырым, Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр ауылы) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.