Елордада алдағы үш тәулікте қарлы боран соғып, көктайғақ болып, тұман басады, - деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл күндері желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Қазгидромет пен төтенше жағдайлар қызметі ауа райы қолайсыздығына байланысты шаһар тұрғындарын барынша сақ болуға шақырып отыр. Әсіресе, тұрғындардан алыс жолға шықпауды сұрайды. Ал жаяу жүргіншілер мен автокөлік жүргізушілеріне жолда абай болуды ескертеді. Жеі қатты күшеюі мүмкін деп жатырмыз. Жел болған кезде сақтық шараларын сақтаңыздар. Ол біріншіден, құрылыс аймақтарынан, жарнама қалқандарынан алшақ жүріңіздер. Ағаштардан алшақ жүріңіздер дейміз. Жол жүру ережелерін сақтаңыздар. Көліктердің ара қашықтығын сақтаңыздар. Кез келген төтенше жағдай кезінде 112 қызметіне хабарласыңыздар, - деді қалалық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Аягөз Фазылова.