Елдос Сметов Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды
Елдос Сметов Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Ташкенттегі Grand Slam турнирінің финалында жеңіліс тапты. 60 келіге дейін салмақта сынға түскен дзюдошымыз жапон өкілі Рюдзю Нагаямамен кездесті. Жалғыз «ваза-ари» әдісін сәтті қолданған жапон дзюдошысы алтыннан алқа тағынды. Елдос Сметов күміс жүлдені қанағат тұтты. Қола медальді Франция спортшысы Лука Мхеидзе мен өзбек балуаны Кемран Нуриллаев алды. Ташкент қаласында өтіп жатқан әлемдік турнир 7 наурызға дейін жалғасады.