Өскеменде өрттен 12 адам құтқарылды

Өскеменде өрттен 12 адам құтқарылды

Өскемен қаласында өрт шыққан үшқабатты тұрғын үйден 3 адам құтқарылып, 12 адам эвакуацияланды. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Грибоедов көшесіндегі үшқабатты тұрғын үйде өрт шыққан. «Бірінші кезекте 3 тұрғын құтқарылды. Оларды оттегі маскасының көмегімен қатты түтінденген кіреберістен алып шықты. Сонымен қатар тағы 12 адам эвакуацияланды, оның 4-уі бала», – делінген хабарламада. Тілсіз жаудың жалпы ауданы – 6 шаршы метрді құрады. Алдын ала мәлімет бойынша қызыл жалынның шығуына - отпен абайсыз әрекет ету себеп болуы мүмкін. ТЖД мамандары өрт болған жағдайда бірден «101» нөміріне хабарласу қажеттігін ескертеді.