Көптеген мұнай компаниясы бұл трансформациядан пайда табады: олардың да мұнай қоры салыстырмалы уақыт аралығында бітеді. Сондықтан не істеу керектігін қазірден бастап ойлау керек, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл жағдайда түсіну керек бір жайт: осы бағыттағы мұнай саласының белгілі бір қадамдарына қарамастан қазіргі таңда мұнай мен газдың жасыл энергетикаға салымдар үлесі жалпы инвестициялар көлемінің біраз процентін ғана құрайды (ең кең мағынада: бірінші кезекте әзірге бұл жел стансалары және күн батареялары, бұған қоса, энергия сақтау мен басқа технологиялар). Инвестициялардың басым бөлігін әлі мұнай және газ құрайды. Грета Тунберг ұсынғандай қазба отын байлықтарына құйылатын инвестициялардан бір сәтте бас тарту қазір мүлдем мүмкін емес.