Қазақстан – Франция матчына жанкүйерлер кіре ала ма?
Қазақстан – Франция матчына жанкүйерлер кіре ала ма?
2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Франциясы арасындағы кездесуге жанкүйерлерді жіберуі мүмкін. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты хабарлады. Қазақстан мен Франция құрамалары арасындағы матч 28 наурыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді.  Бұл қазақстандық футболшылар үшін іріктеу кезеңіндегі бірінші матч болады.
"Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың үйдегі ойындарын жанкүйерлер тамашалау үшін Нұр-Сұлтан қаласының Бас санитар дәрігерімен келіссөздер жүргізіп жатыр. Оң шешім қабылданған жағдайда Қазақстан – Франция ойынына барлық санитариялық ережелерді сақтау арқылы жанкүйерлердің 30 пайызы стадионға кіре алады. Сонымен қатар, билеттерді сату 10-12 наурызға алдын-ала жоспарланған"– делінген хабарламада.
Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдаманы топтан бірінші орын алған құрамалар иеленеді. Ал топтық кезеңнің қорытындысы бойынша екінші орын алған 12 команда мен 2020/2021 маусымда Ұлттар лигасында үздік шыққан екі команда тоғыспа кездесулерде үш жолдаманы сарапқа салады.