Мерекелік «Көктем шуағы» фотокөрмесі өтті
Мерекелік «Көктем шуағы» фотокөрмесі өтті
166
оқылды

Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы ор­талық кітапханада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Барымыз да, бағымыз да Тәуелсіздік» атты панорамалық көрменің және 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктем шуағы» фотокөрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараға «Nur Otan» пар­тия­сы Шығыс Қазақстан облыс­тық филиалы Саяси жұмыс бөлімінің басшысы Саят Жанатұлы, «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Алмас Айтмұқаш және өзге де саланың өкілдері қатысты. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған көрмеде еліміздің тарихындағы негізгі тарихи сәттерден сыр шертетін фотосуреттер мен естеліктер, сондай-ақ шы­ғармалар жиынтығы қойылған. Ал «Көктем шуағы» фото­көрмесі Елбасы – Тұңғыш Пре­зидент Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайын 8 наурыздағы нәзік жанды арулармен кездесуінен сыр шертеді.

Әбілмансұр ЖАСАН