Алматыда келіндер сайысы өтті
Алматыда келіндер сайысы өтті
185
оқылды

Алматы қаласы Әуезов ауданында көпбалалы аналар арасында «Келіндер патиі» өткен. Мерекеге орай өткізілген сайыстың мақсаты – келіндердің қо­ғамдағы рөлі мен атқарар қызметінің маңызын ай­қындау.

Жергілікті арнаның хабарлауынша, сайысқа көпбалалы аналар қатысқан. Олар қолөнер, тағам дайындау сияқты кезеңде өзара сайысқа түскен. Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденовтің айтуынша, шараның ерекшелігі – мұны ауданда­ғы белсенді әйел азаматтардың ұйымдастыруы. Тақырыпты таңдағаны орынды. Қазір салт-дәстүрімізді жандандырып, ұмытылған дәс­түрлерді көпшілікке көрсету керек. Әсіресе, бұл өскелең ұрпаққа керек. Ал аудандағы «Бақытты отбасы» орталығының әлеуметтік қызметкері Назым Смағұлова жо­баның мақсатын келіннің келешек ана екенін, болашақ ұрпақты тәрбиелеп отырғанын тү­сіндірумен байланыстырды. Оның сөзінше, келіннің қоғамда да, үйде де орны ерекше екенін түсініп, бағыт беру қажет.

А.ЖОЛДАС