Жұмыс жоспары талқыланды
Жұмыс жоспары талқыланды
142
оқылды

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында партия филиалы жанындағы Miras аймақтық қоғамдық кеңе­сінің отырысы өтті.

Шараға кеңес мүшелері, партия белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Отырыс барысында Miras аймақтық қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітіліп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуел­сіздік бәрінен де қымбат» мақала­сындағы айтылған бағыт-бағдар­ламалар және сол бағыттар бо­йынша атқарылатын жұмыс жос­пары талқыланды. Miras аймақтық қоғамдық кеңе­сінің 2021 жылға жоспары Тәуел­сіздіктің 30 жылдық мерей­тойына негізделген. Партия фи­лиалы 30 жылдыққа арнап кешенді жоспар дайындаған. Партия фи­лиалы қоғамдық кеңеспен бірлесе бірқатар жаңа жобаларды іске асырады. Отырыс барысында «Айтыс» клубының жетекшісі Біржан Байтуов, Шымкент қалалық мәс­ли­хат депу­таты Рашкүл Оспана­лие­ва атқа­рылатын жұмыстар бойын­ша ұсынысын білдірді. Сондай-ақ Miras аймақтық қоғамдық кеңе­сінің төрағасы, жазушы, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Момбек Әбдіәкім кеңес құ­ра­мындағы және қалалық бір­қатар мекемелердегі жауапты қыз­меттегі қыз-келіншектерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні ме­рекесімен құттықтады.

Әбілмансұр ЖАСАН