Сыйлыққа сұраныс артады
Сыйлыққа сұраныс артады

Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында гүл мен иіссудың көп сатылатынын білеміз. Оған қоса, тәтті, опа-далаптың дәурені жүріп тұр деп ойлайтынымыз бар. Бірақ AliExpress платформасы жүргізген талдауда сіз бен біз ескермеген заттар жетерлік. Платформа сатып алу трендтеріне сараптама жасап, қазақстандықтар сый ретінде нені сатып алатынын жариялады. Сонымен, ел тұрғындарының таңдауын бірге білейік.

AliExpress платформасы мерекеге бірер апта қалғанда әйелдер киімінің сатылымы өскенін мәлімдеді. Мәселен, әйелдер жейдесі мен камзолына түскен тапсырыс ақпан айында 6 есеге, бешпент пен свитер сатылымы 3 есеге өскен. Платформа бойынша ең көп сатылған киім – көйлек. Көйлектің қай үлгісі болмасын өтімді болған. Мысалы, жейде-көйлек, романтикалық стильдегі ұзын көйлек пен тоқыма өнімдеріне тапсырыс көп түскен. Иә, AliExpress-те «Сұлулық және денсаулық» категориясы сыйлықтар тобына жатады. Жоғарыда аталғандай, опа-далап, кірпік өсіруге арналған жиынтыққа тапсырыс саны 8 есеге, тері күтіміне арналған жиынтықтарға сұраныс 5 есеге артқан. Одан бөлек, сусепкіге арналған гель, ваннаға арнал­ған көпіршік пен иіссабынға елдің аңсары ауған. Көктем мерекесі, оның ішінде қыз-келіншектер мерекесі болғандықтан, ас-үй заттары да сатылымда көш бастап тұр. Әсіресе, ай үй комбайндарына деген сұраныс көп. Мұндай заттарға тапсырыс қаңтар айымен салыстырғанда 6,8 есе өскен. Сондай-ақ платформа мереке қарсаңында белсенді тапсырыс беріп, сыйлық алуға асығатын қалаларды анықтаған. Республика бойынша Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Шымкент және Павлодар тұрғындары сыйлық сатып алуда алдына жан салмайды.

Айбике ЖАНАСЫЛ