Жаңа рейс: Түркістаннан – Стамбұлға
Жаңа рейс: Түркістаннан – Стамбұлға

Бұл туралы Индустрия және инфра­құрылымдық даму министрлігі хабарлады. 2021 жылғы 8 наурыздан бастап SCAT әуекомпаниясына Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рейске рұқ­сат етілді.

«Рейстер Б-737 әуекемесімен дүй­сенбі және сәрсенбі күндері ұшатын болады. Оның барысында санитарлық-эпидемиялық талап­тар қатаң сақталады. Ұшу кестесі әуе- компанияның сайтында жария­ланады», – деді ведомство. Бұдан бөлек, Түркістан қаласы­ның жаңа халықаралық  әуежайы­нан ұшатын алғашқы халықаралық рейстерге билет сатыла бас­тады. 2021 жылғы 21 наурызда Fly Arystan әуекомпаниясы «Түркістан–Стам­бұл–Түр­кістан» бағытында алғаш­қы халықаралық рейс басталады. Түркістан және Стамбұл қала­лары ара­сында тұрақты әуе­қатынасы аптасына 2 рет – жұма, жексенбі күндері А-320 әуекемесі қатынамақ. Кейін аптасына 7 рейске дейін ұлғаяды, яғни күн сайын ұшады. Билет бағасы 39 999 теңгеден басталады. Осының алдында ведомство­аралық ко­мис­сияның шешіміне сәйкес «Алматы–Душанбе–Алма­ты» бағытында Қазақстан мен Тәжік­стан арасындағы тұрақты рейс­тер­ді қайта ашуға рұқсат етілді. Тиісінше, 14 наурыздан бастап Air Astana әуекомпаниясы Алматы мен Душанбе қалалары арасында апта­сына 1 рет – жексенбі сайын тұрақ­ты қатынамақ. Ал Тәжікстан жағы­нан Алматы мен Душанбе қалалары арасында тұрақты әуеқатынасын 18 наурыздан Somon Air әуе­компания­сы жүзеге асырады: бей­сенбі күндері бір рейс қайтады.

Елдос СЕНБАЙ