Жалғысбасты анаға көмек көрсетіледі
Жалғысбасты анаға көмек көрсетіледі
92
оқылды

«Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына мүгедектікті рәсімдеу үшін тексерілуге (бауыр циррозы) көмек көрсету туралы Юлия Наумовадан өтініш келіп түсті. Ол МӘМС болмағандықтан ауруханаға жатқызылмаған.

Степногорск қаласының тұр­ғыны 2-топтағы мүгедек әрі үш ба­ласын жалғыз тәрбиелеп отырған жалғызбасты Юлия Наумова қазір жұмыссыздар санатында. 17 ақ­панда Наумова Халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде есепке алынып, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар­ламалар бөлімінде кеңес алды. Нәтижесінде, өтініш иесі 4 күн өткеннен кейін емханада тегін тексеруден өтетін болды. Тек­серу қорытындысы бойынша Юлияға мүгедектікті анықтауға көмек көр­сетіледі. Бүгінде АӘК және тұрғын үй көмегін (ком­муналдық қыз­мет­терді төлеуге) рәсімдеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сон­дай-ақ ау­­дандық мәслихат депу­тат­тарымен азық-түлік себетіне көмек көрсетілді. Мәселе оң ше­шімін тапты.

Әбілмансұр ЖАСАН