Аналар құрметке бөленді
Аналар құрметке бөленді

Алматы облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Амандық Баталовтың жүрекжарды тілегін әйелдер қауымына Гүлнәр Тойлыбаева жеткізді. «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талдықорған қаласы мен Ескелді ауданындағы бірқатар аналарды мерекемен құттықтап қайтты.

Марапатталғандардың қатарында Алматы облысының құрметті азаматы, халық әртісі Алмахан Кенжебекова, әртіс Әлімғазы Райымбековтың жұбайы, тыл еңбеккері Гүлжауар Райымбекова, сонымен қатар көпбалалы аналар, тыл еңбеккері және мүгедек баланы асырап отырған қамқор аналар болды. Бағалы сыйлықтар, гүл шоқтары, жылы лебізге бөленген аналарға Гүлнәр Қожағұлқызы құттықтау тілегін білдіріп, жылы лебізін арнады.

Әбілмансұр ЖАСАН