Ауыр жұмыстағы аналар
Ауыр жұмыстағы аналар

Жалпы, әйелдер қауымы болмысы бөлек, ерекше жара­тылыс екеніне ешкімнің де кү­мәні болмас. Әйтсе де, олар осы нәзіктігіне қара­мастан елі, қоғамы, отбасы үшін барша ауыр жүкті кө­теруге дайын. Тіпті, ерлердің өзі қиынсы­натын істерді ат­қарып жат­қандары жетерлік. Әйелдер мейрамы қар­саңын­­да біз сіздерге сол се­кілді қиын жұ­мысты ең­серіп кел­ген жандар жайлы айт­пақпыз.

 Жол салған әйел

Ерлерге тән ауыр жұмысты қиын­сынбай атқарып, қазір еңбек ардагері атанған әйелдер арасында Алматының құрметті азаматы Светлана Қуанованың орны бөлек. Бүгінде 70 жастан асқан әжеміз жол құрылысы саласында 30 жыл еңбек етіпті. Ол ең алғаш рет жол құры­лыс­шысы шебері қызметінде 15 жыл істеген. Одан соң учаске басшысы боп тағайын­далған. Орал–Атырау арасындағы тасжолдан 62 шақырым жол салған бри­га­дадағы жалғыз шебер әйел бо­лыпты. Бригадасы небәрі 4 жыл­да эксплуатациялық пункт аш­қан. Содан соң республикалық маңызы бар Орал – Атырау тас­жо­лын қалауға еңбек сіңірген. 2019 жылы 70 жастағы әжейді Ин­дустрия және инфра­құ­рылымдық даму министрлігі «Еңбек ері» арнайы медалімен марапаттаған. «Осы күнге дейін еңбегімді ба­ға­лап жатқандарға разымын. Қысы-жазы, суықта да, аптапта да жол салдық. Бұл жұмысқа кез келген ер адамның өзі шыдай бермейді. Бастаған ісімді соңына дейін аяқтайтын қайсарлы­ғым­ның арқасында ғана қалдым. Қасымда жұмыс істеген грей­де­рист, жүр­гізуші, тракторшы әріп­тестерімнің де еңбегі мол», – дейді Светлана Қуанова.

Теміржолда еңбек еткен

ауыр жұмыс.Теміржол жолаушыларының діт­теген стансаға аман-есен же­туі тек машинистердің ең­бегіне ғана байланысты емес. Ақпанның сы­­қырлаған ая­зын­да, жаздың ап­тап ысты­ғында теміржол ва­гон­дары мен құрамдарын тек­се­ріп жүретін ерекше мамандық ие­лері бар. Оларды вагон қа­рау­шы­лар деп атайды. 59 жас­тағы Әлима Беласарова­ның теміржол са­ла­сында үздіксіз еңбек етіп ке­ле жатқанына биыл 38 жылдан асты. Ол жас шағында темір­жол­шы­лардың отбасына келін болып түс­ті. Ата-енесі де елі­мізге та­ныл­­ған, еңбегі сіңген жол қарау­шы­лар. 59 жастан асқан отанасы үйін­де 6 бала тәрбиелеп өсіріпті. Тұң­ғышы 40 жастың қырқасына келген. Ол теміржол саласында «Қа­­зақ­­стан темір жолы», «Жүк та­­сы­­малы» АҚ Маңғыстау бө­лім­ше­сінде вагон қараушысы болып жұ­мыс істеген. «Пойыз вагон­дары кел­генде алдынан шы­ғып кү­тіп алып, көзбен қа­рау деген бар. Тоқтайтын по­йыз болса, кү­тіп алып, айна­лып темір доң­ға­ла­ғын балға­мен ұрып шығамын. Қайта-қайта шаңқ еткізіп ұра­мыз. Егер жарық болса, шаң ет­кен дыбыс шықпайды, тық ете қа­лады. Вагонның букс деген бөл­шек тұсы бар. Дөңгелекті ай­нал­­ды­рып тұратын жер. Оның тө­менгі жағын балғамен ұрамыз. Бәрі дұ­рыс болса, бір ғана дыбыс шы­ғады. Ал екі дыбыс шықса, бұ­­зылып келеді дегенін аңғар­та­ды. Ішінің бәрі шашылып келе жа­тыр деп пайымдаймыз. Содан соң те­же­гішті тексереміз, теже­гіш­ті басқанда дөңгелек айнал­ма­са, тежегіш ұстап келе жатыр де­ген сөз. Бірақ айналып тұр­са, ор­нына келтіріп, жөндеп жі­бере­міз», – деді Әлима Бела­сарова. Алпысты алқымдап қалған ана пойыз тоқтаған уақытта 15-30 минут ішінде қолына балғасын алып, темір вагондарды аралап ке­теді. Көпке еш маңызы жоқ жұ­мыс көрінгенімен, бұл өте жауап­ты әрі ширақтықты қа­жет ететін сала екен. – Тез қимылдау керек. Жолға ке­тетіндерге минимум жарты са­ғат немесе 1 сағатқа дейін үл­ге­­ріп, қарап жіберуіміз керек. Ша­ма келгенше тоқтайтын 10-15 минут ішінде барлық ва­гон­ды тексеріп үлгеруге тыры­самыз», – дейді ол. Әлиманың қырағылығының ар­қасында Өзен стансасында апат­­тың алдын алған кездер де бо­лыпты. Осының өзі бұл жұ­мыс­­тың ауыртпалығын сездір­се қа­жет. «Бір рет жолаушылар по­йы­зын апаттан сақтап қал­дық. Мен ол кезде Өзен стан­са­сында іс­теп жүргенмін. Бір пойызда екі дөң­гелекті ұстап тұратын бүйір­дегі рамасы істен кеткенін аңғар­дым. Ол жарық болса, апат бола­ты­ны шүбәсіз. Сол жарықты тез аң­ғара сала вагонды алып қал­дық. Жөн­деп, қаңқасын ауыс­тыр­дық», – дейді.

ауыр жұмыс

Әлиманың жол­д­а­сы Қабыл Мантақов та темір­­жол сала­сында қызмет істеген. Кө­­зінің көру қабілеті нашар­лап, ден­саулығына байла­ныс­ты 35 жа­сында 1 топ мүгедегі болған. Со­дан бері отбасының тауқы­ме­тін ер мен әйелдің орнына Әлима Бе­ласарованың өзі көтеріп келе­ді. «6 бала туға­ным үшін «Күміс алқа» берді. Артық ештеме сұра­май­мын. Бала кезімнен ер бала тә­різ­ді өстім. Мүсіркеп, әңгіме ай­та­тын адам емеспін. Еш уақыт­та өтірік айтпауға совет-герман соғысы­ның ардагері болған әкем тәр­бие­леді. Әкем үкімет берген үй­­ден де бас тартқан. «Үй алу үшін Отанымды қор­ғау­ға аттан­ба­дым» депті. Сол мінез, қайсар­лық маған да жұқ­қан шығар», – дейді Әлима Беласарова.

Түйіндей келгенде бір айтпа­ғы­мыз – осы күні өз жұмысын ауыр­­сынып, шағым айтатын жан­­дардың қарасы көп. Сол се­беп­ті ауыр жұмысты ер-азамат­тар­мен бірдей атқарып жүрген ана­ларға таңғалмасымызға шара жоқ. Осы кезде әйелдердің құ­діретіне тамсанып, ақын Жүрсін Ерманның «Әлемнің мәні – әйел­де» деп басталатын жырын оқығыңыз-ақ келеді екен.

Мадияр ТӨЛЕУ