Жалпы, әйелдер қауымы болмысы бөлек, ерекше жаратылыс екеніне ешкімнің де күмәні болмас. Әйтсе де, олар осы нәзіктігіне қарамастан елі, қоғамы, отбасы үшін барша ауыр жүкті көтеруге дайын. Тіпті, ерлердің өзі қиынсынатын істерді атқарып жатқандары жетерлік. Әйелдер мейрамы қарсаңында біз сіздерге сол секілді қиын жұмысты еңсеріп келген жандар жайлы айтпақпыз.
Жол салған әйел
Ерлерге тән ауыр жұмысты қиынсынбай атқарып, қазір еңбек ардагері атанған әйелдер арасында Алматының құрметті азаматы Светлана Қуанованың орны бөлек. Бүгінде 70 жастан асқан әжеміз жол құрылысы саласында 30 жыл еңбек етіпті. Ол ең алғаш рет жол құрылысшысы шебері қызметінде 15 жыл істеген. Одан соң учаске басшысы боп тағайындалған. Орал–Атырау арасындағы тасжолдан 62 шақырым жол салған бригададағы жалғыз шебер әйел болыпты. Бригадасы небәрі 4 жылда эксплуатациялық пункт ашқан. Содан соң республикалық маңызы бар Орал – Атырау тасжолын қалауға еңбек сіңірген. 2019 жылы 70 жастағы әжейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Еңбек ері» арнайы медалімен марапаттаған. «Осы күнге дейін еңбегімді бағалап жатқандарға разымын. Қысы-жазы, суықта да, аптапта да жол салдық. Бұл жұмысқа кез келген ер адамның өзі шыдай бермейді. Бастаған ісімді соңына дейін аяқтайтын қайсарлығымның арқасында ғана қалдым. Қасымда жұмыс істеген грейдерист, жүргізуші, тракторшы әріптестерімнің де еңбегі мол», – дейді Светлана Қуанова.Теміржолда еңбек еткен
Әлиманың жолдасы Қабыл Мантақов та теміржол саласында қызмет істеген. Көзінің көру қабілеті нашарлап, денсаулығына байланысты 35 жасында 1 топ мүгедегі болған. Содан бері отбасының тауқыметін ер мен әйелдің орнына Әлима Беласарованың өзі көтеріп келеді. «6 бала туғаным үшін «Күміс алқа» берді. Артық ештеме сұрамаймын. Бала кезімнен ер бала тәрізді өстім. Мүсіркеп, әңгіме айтатын адам емеспін. Еш уақытта өтірік айтпауға совет-герман соғысының ардагері болған әкем тәрбиеледі. Әкем үкімет берген үйден де бас тартқан. «Үй алу үшін Отанымды қорғауға аттанбадым» депті. Сол мінез, қайсарлық маған да жұққан шығар», – дейді Әлима Беласарова.
Түйіндей келгенде бір айтпағымыз – осы күні өз жұмысын ауырсынып, шағым айтатын жандардың қарасы көп. Сол себепті ауыр жұмысты ер-азаматтармен бірдей атқарып жүрген аналарға таңғалмасымызға шара жоқ. Осы кезде әйелдердің құдіретіне тамсанып, ақын Жүрсін Ерманның «Әлемнің мәні – әйелде» деп басталатын жырын оқығыңыз-ақ келеді екен.Мадияр ТӨЛЕУ