Спорттағы үздік арулар
Спорттағы үздік арулар
350
оқылды

Халықаралық әйелдер мерекесіне орай газе­тіміздің мерекелік нөмірі талантты, жігерлі спортшы қыздарға, спорт саласында тер төгіп жүрген әйелдер қа­уымына арналмақ. Сіз­дердің назарларыңызға еліміздегі есімі көпке белгілі 10 спортшыны ұсынбақпыз.

Ольга Ольга РЫПАКОВА, жеңіл атлет Қазақстандағы ең тәжірибелі Олимпиадашылардың бірі әрі бірегейі. Ол өзі қатысқан үш Олимпиададан да жүлдемен орал­ған. Қазір өзінің төртінші Олим­пиадасына (Токио) қаты­суға дайындалып жатыр. Ел мақ­танышынан алдағы дүбірлі додада да жүлде күтеміз. Айта кетейік, 36 жастағы спортшы бұған дейін 2008 жылы Бейжіңде күміс медаль, 2012 жылы Лондонда алтын, 2016 жылы Риода қола медальға ие болған. Жазира Жазира ЖАППАРҚҰЛ, зілтемірші Ауыр атлетикадан қазақ қыз­дары арасынан тұңғыш әлем чем­пионатының және Олимпия ойындарының күміс жүлдегері. Рио төрінде тұрып «Күт мені, Токио. Мен саған тек алтын үшін барамын» деп өзіне уәде берген спортшы қыз бүгінде алдағы Олимпиадаға қызу дайындық үстінде. Гульбадрах Галбадрах ОТГОНЦЕЦЕГ, дзюдошы Рио Олимпиада ойындары­ның қола жүлдегері, Азия чем­пи­оны, 2 дүркін Халықаралық Гран-при және 2 дүркін Grand Slam турнирлерінің жеңімпазы. Ол сондай-ақ Ұлан-Батор мен Дюс­сельдорфта өткен Grand Prix турнирлерінде күміс медаль ие­леніп, Баку мен Тбилисидегі ха­лық­аралық турнирлерде қола­ға қол жеткізген. Галбадрах ме­даль саны бойынша әлемнің ең үздік дзюдошыларының қата­ры­на кіреді. Спортшының жаттық­тырушысы Базарбай Домбай оның еңбекқорлығын жоғары ба­ғалап, алдағы айтулы сында алтыннан алқа тағарына сенім білдіріп отыр. Мария Мария АГАПОВА, аралас жекпе-жек шебері Қыздар арасында аралас жек­пе-жектен әлем чемпионы. Спорттың бұл түрінен ММА спорт­шыларының қатарына енген қазақстандық спортшы. ММА-дегі алғашқы кездесуін 2015 жылы тамызда Павлодар­дағы турнирде өткізді. Ал Амери­каның Лас-Вегас қаласында өт­кен UFC-дегі дебютінде аме­ри­калық спортшы Ханна Сай­фер­сті уақытынан бұрын жеңді. Сабина Сабина АЛТЫНБЕКОВА, волейболшы Волейболдан Қазақстан әйел­дер құрамасының ойын­шысы. Сұлулығымен әлемге та­нылған қазақстандық спорт­шы. Сабина 2014 жылы Қытайда өткен волейболдан жастар ара­сындағы Азия чемпионатынан кейін турнирдің ең әдемі қа­ты­су­шысы атанған болатын. Атал­ған турнирден соң спортшыға әлем елдерінің бірқатар клубы қызығушылық танытты. Сабина  Индонезия, БАӘ және Филип­пин елдерінің клубтарынан ша­қырту алды. Нәтижесінде, во­лей­болшы Біріккен Араб Әмір­ліктерінің «Әл-Васл» клубына ауыс­ты. Одан кейін қазақ­стандық спортшы Италияның «Волальто Касерта» клубымен екі­жылдық келісімшарт жасас­ты. Алайда клубтың қаржылық жағдайына байланысты спорт­шы аталған клубпен келсім­шартын үзді. Елена Елана РЫБАКИНА, теннисші Теннистен әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракет­ка­сы. Халықаралық әйелдер тен­ни­сі қауымдастығы 18 қаңтарға арналған әлемдік рейтингінде қазақстандықтар сапынан Елена Рыбакина ТОП-20 қатарына енді. Қазір теннисші 19-орында тұр. Бұл – 21 жастағы Е.Рыба­кина­ның спорттық карьера­сындағы ең үздік көрсеткіші. Бегайым Бегайым ҚЫРҒЫЗБАЕВА, футболшы Футболдан Қазақстан әйел­дер құрамасының ойыншысы әрі капитаны. Жартылай қор­ғау­шы бүгінде «Оқжетпес» футбол клубында ойнайды. Бұған дейін Қазақстанның ең үздік клубы «БИІК-Қазығұрт» сапында өнер көрсетіп, командасымен бір­қатар жетістікке жетті. Әйелдер арасындағы Чемпиондар лига­сын­да әлемнің үздік клуб­тары­мен ойнап, командасын алға сүйреді. Назым Назым ҚЫЗАЙБАЙ, боксшы Қазақстан тарихында тұң­ғыш рет әйелдер арасында өткен бокстан әлем чемпионатында елі­міздің байрағын көкке жел­біретіп, Әнұранын әуелеткен, халқына алтын медаль тарту еткен алғашқы спортшы. На­зым­ның әйелдер арасында өте­тін айтулы додаға жолдама алуы 2012 жылы Қытайда өткен бокс­тан 7-ші әлем чемпионатынан басталды. Ол сол жарыста қола жүлдегер атанды. 2014 жылы Оңтүстік Кореяда өткен жарыста алтыннан алқа тақты. 2016 жылы Астанада өткен әйелдер арасын­дағы бокстан әлем чемпиона­тында Назым Қызайбай екінші рет әлем чемпионы атағын жеңіп алды. 2016 жылы Рио-де-Жаней­рода өткен Олимпиада ойын­дарына бара алмаған боксшы алдағы Токио Олимпиадасында Қазақстанның көк Туын жел­біретуді мақсат тұтып отыр. Юлия Юлия ГАЛЫШЕВА, фристайлшы Фристайлдан Қазақстанның құр­метті спорт шебері, Ұлттық құ­рама командасының  негізгі құрам мүшесі. Спортшы ақпан айында фристайл-могулдан АҚШ-тың әйгілі Дир-Вэлли бөк­терінде өтіп жатқан әлем ку­богы кезеңінде қазақстандық Юлия Галышева үздік атанып, алтын жүлденің иегері атанды. Жалпы, Юлия 2006 жылдың наурызынан бері халықаралық жарыстарда өнер көрсетіп жүр. Оның бұл спорт түрінен қол жет­кізген жетістіктері өте көп. Элизабед Элизабат ТҰРСЫНБАЕВА, мәнерлеп сырғанаушы Әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген мә­нер­леп сырғанаудан халық­ара­лық дәрежедегі спорт шебері, Қа­зақстанның 4 дүркін чемпио­ны, қысқы жасөспірімдер Олим­пиа­да ойындарының және VIII қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері, халықаралық турнир­лердің көпдүркін жеңімпазы және жүлдегері. Оның басты арма­ны – Олимпиада ойын­дарын­да әлем чемпионы атану. Элизабет еліміздегі танымал әрі болашағынан көп үміт күттіретін спортшылардың қатарында. Елімізде спорт саласында ай­тулы жетістіктерге жетіп жүр­ген бұдан өзге де талантты спорт­­шы қыздарымыз өте көп. Осындай жігерлі де жеңімпаз қыздарымыздың саны көбейе берсін деп тілейміз. Мереке­леріңіз­бен, аяулы арулар, сым­бат­ты спортшылар, дарабоз дүл­дүл­дер, жанкешті жеңім­паз­дар!

Абылайхан ЖҰМАШ