Атырау облысында тұрғын үйден 4 адамның денесі табылды

Атырау облысында тұрғын үйден 4 адамның денесі табылды

Атырау облысында тұрғын үйден 4 адамның, соның ішінде 1 баланың денесі табылды.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 4 наурыз күні Махамбет ауданында болған.

«Кешкі сағат 18:33-те Махамбет аудандық №11 өрт сөндіру бөлімшесіне полиция бөлімінен Ақтоғай елді мекенінде Салықов көшесіндегі үйлердің бірінен 4 адамның мүрдесі табылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына барған Махамбет аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері 1974, 1991 жылы туған екі ер адам мен 1977 жылғы әйелдің, 2016 жылы өмірге келген қыздың қайтыс болғанын анықтады», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Олардың болжамынша, қаза болғандар көмірқышқыл газына уланған. Қосымша ақпарат оқиғаның мән-жайы анықталғаннан кейін берілетін болады.