Алматыда көліктердің үстіне ағаш құлады
Алматыда көліктердің үстіне ағаш құлады
107
оқылды

Бұл жағдай Алматыда жауын-шашын мен қар қалың жауғанның салдарынан болған. Құтқару қызметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жағдайдан 4 автокөліктің зақымдалуы тіркелген. Бірақ зардап шеккендер жоқ.

«4 наурызда мегаполисте жауын-шашынның мөлшері 16 мм құрап, қар жамылғысының биіктігі 7 см болды. Түнде және таңертең жолда мұз байқалды. Желдің күші 2 м/с құрады. Сондықтан мегаполистің бірнеше аудандарында апаттық бұтақтар мен ағаштар құлады деген 8 ақпарат түсті», - деп жазылған хабарламада.