Қарағандыда көлік ішінде отырған арыстан елді таңдандырды

Қарағандыда көлік ішінде отырған арыстан елді таңдандырды

Желіде кеңінен тараған видеода арыстан көліктің ішінде, терезеден басын шығарып отырғаны байқалады. Сондай-ақ бұл оқиға Қарағандыда болғаны айтылған.

[caption id="attachment_117279" align="alignnone" > ©https://www.instagram.com/kris.p.online[/caption]

Видео кадрларында аң патшасы арыстан табанын көліктің терезесіне іліп отырғаны көрінеді. «Қарағандыда Лео көлікпен жүреді», – делінген жарияланған жазбада.

Еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бұл фактіні жануарлар дүниесі жөніндегі облыстық инспекция зерделейтінін хабарлады.