COVID-19: Бразилияда бір күнде екі мыңға жуық адам көз жұмды
COVID-19: Бразилияда бір күнде екі мыңға жуық адам көз жұмды
116
оқылды

Бұл пандемия басталғалы тіркелген ең үлкен көрсеткіш. Ал вакциналау науқаны баяу жүріп жатыр. Бір жарым ай ішінде екпенің екі дозасын халықтың небәрі 1 проценті алған.

Мемлекет басшысы індетпен тек үкімет емес, жалпы ел болып күресу керек екенін айтты. Жаир Болсонару кем дегенде сақтық шараларын мейлінше сақтап, тәртіпке бағынып, талапты орындау қажеттілігін еске салды. Біреуге мұң шағып, шағым айтудың енді қисынсыз екенін де тілге тиек етті.

– Қашанғы шағымдана бересіздер? Қашанғы үйде қамалып отырасыздар? Әрине, індеттен көз жұмғандар үшін қайғырамыз. Алайда, тірі адам тіршілігін істейді. Біз тұрғындарды вирустан қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Ол үшін сатып алатын вакцина санын арттырдық, – деді Бразилия президенті Жаир Болсонару.