Қазақстанда екі мегаполис пен төрт облыс «сары» аймақта тұр – ДСМ
Қазақстанда екі мегаполис пен төрт облыс «сары» аймақта тұр – ДСМ
5,102
оқылды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 6 наурызда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, еліміздің екі ірі қаласы мен төрт облысы «сары» аймақта тұр.

Бүгінгі матрица бойынша, атап айтсақ, «сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары тұр.

Өзге өңірлердің барлығы – «жасыл» аймақта. Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 832 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 217 299-ға жетті.