СҚО-да сотталған бойжеткенге жігіті үйленуге ұсыныс жасады

СҚО-да сотталған бойжеткенге жігіті үйленуге ұсыныс жасады

Солтүстік Қазақстан облысындағы ЕС-164/6 мекемесінде жазасын өтеп жатқан бойжеткенге Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жігіті ұсыныс жасады.

СҚО бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бойжеткеннің есімі – Юлия. ЕС-164/6 мекемесіне былтыр түскен. Ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Әлі екі жылы бар. Жігіті Андреймен 2019 жылдан бастап кездеседі. Екеуі университетте оқып жүргенде танысыпты. Кейін Юлия жаза басып сотталғанда, Андрей оны күтетінін айтқан. Бостандықта жүргенде сүйіктісіне үйлену жөнінде ұсыныс жасап үлгермеген жігіт, мереке қарсаңында бойжеткенге тосынсый жасады. Қоңырау шалып, сезімін білдіріп, күйеуге шығуын сұраған.

– Жігітімді қатты жақсы көремін. Ол менің бостандыққа шыққанымды күтіп жүр. Соған қарамастан жақында екеуміз некеге отырамыз. Бұл біз үшін ең маңызды күндердің бірі болмақ. Бостандыққа шыққасын жаңа өмірді бастаймыз. Көпбалалы ана болғым келеді, – деді Юлия.

Былтыр СҚО-да жазасын өтеушілер арасында 30 неке қиылған екен.