Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.

Қаулы бойынша 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында мыналарға рұқсат етіледі:
  • оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптарда 15-тен көп емес бала санымен қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға;
  • 2021 жылы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде мектепалды сыныптардың, 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан 7 сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптарда 25-ке дейін бала санымен оқушыларды аралас форматта оқытуға;
  • оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқытуға: пәндердің 70 пайызы штаттық режимде, 30 пайызы қашықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, "1 сынып - 1 кабинет" қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимдерін сақтау);
  • білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беру;