8 наурыз күні оқушылар метрода тегін жүре алады
8 наурыз күні оқушылар метрода тегін жүре алады
113
оқылды

8 наурызда «Метрополитен» КМК мен Республикалық «QAZBILIM» орталығының ұйымдастыруымен Тəуелсіздіктің 30 жылдығына орай мектеп жасындағы барлық қызға арналған «Qazbilim-мен метрода тегін жүр» акциясы өтеді.

Бұл туралы «Метрополитен» КМК Facebook-тегі парақшасында жазды.

Акцияны ұйымдастырудағы басты мақсат – пандемия салдарынан мектептен қол үзіп, білім ордасынан шеттеп қалған оқушылардың білімге деген құштарлығын оятып, метрополитенде сапалы білім алуға шақыратын буклеттер мен брошюралар тарату. Оған қоса, кез келген мектеп жасындағы қыз бала Алматы қаласындағы кез келген метро стансасынан тегін жетон алып, қалаған жеріне жете алады, - делінген хабарламада.