Алматыда карантин туралы жаңа қаулы жарияланды
Алматыда карантин туралы жаңа қаулы жарияланды
100
оқылды

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды. Қаулы 2021 жылы 9 наурызда 00.00-ден бастап күшіне енеді.

Жаңа қаулыға сәйкес, енді карантин шаралары эпидемиологиялық жағдай асқынғанда ("жасыл" аймақтан "сарыға" немесе "қызыл" аймақтан "сарыға" көшкенде) 5 күн ішінде күшейеді. Ал карантин шараларын жеңілдету "қызыл" аймақтан "сарыға" немесе "сары" аймақтан "жасылға" көшкеннен кейін 7 күннен ерте жүргізілмейді.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.