Украина қытайлық вакцина жеткізушісіне айыппұл салады
Украина қытайлық вакцина жеткізушісіне айыппұл салады
5,090
оқылды

 Sinovac өкілі саналатын «Лекхим» компаниясы Украинаға жеткізілуі тиіс вакцинаны әкелу мерзімін жылжытып жатыр. Сол себепті Украина билігі уақтылы жеткізбегені үшін вакцина жеткізушіге айыппұл салмақ. Бұл туралы сол елдің денсаулық сақтау министрінің орынбасары Игорь Иващенко мәлімдеді.

Оның айтуынша, Украинада Sinovac өнімін қолдану туралы шешім әлі мақұлданбады. Олар келісімшартта көзделген мерзімдерді сақтамай отыр. Шартта көрсетілген айыппұл салынады, - деді Иващенко.

Сатып алу келісімшартына сәйкес вакцинаның алғашқы партиясы 7 наурыздан кешіктірілмей Украинаға жеткізілуі тиіс. Бұдан бөлек, жеткізу мерзімінен кем дегенде үш жұмыс күн бұрын жеткізуші тапсырыс берушіге өнімнің Украинада тіркелгені жөнінде куәлік беруі қажет.

Өткен жылы желтоқсанның соңында Украина билігі 1,93 млн. Sinovac вакцинасына тапсырып беріп, 964 млн. гривеннің алғашқы келісімшартына қол қойған еді.