Көліктегі арыстан: Экология министрлігі жауап берді
Көліктегі арыстан: Экология министрлігі жауап берді
136
оқылды

Экология, геология және су ресурстары министрлігі Қарағандыдағы көлік терезесінен көрінген арыстан жөнінде пікір білдірді.

– Облыстық жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары осы мәселені талқылады. Бұл жергілікті хайуанаттар бағының арыстаны екені белгілі болды. Бірақ, оны көліктің артқы орындығында тасымалдауға рұқсат жоқ. Аталған факті бойынша инспекторлар тиісті тексеру жүргізу үшін Полиция департаментіне арыз жазды, – деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғаммен байланыс департаменті директоры Самал Ибраева.