Жолдардың жай-күйіне жауапты лауазымды тұлғаларға 1 миллионнан астам айыппұл салынды, - деп хабарлайды Polisia.kz. Жол-көлік оқиғаларының алдын-алу, жолдарда көлік құралдарының қауіпсіз және кедергісіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында Әкімшілік полиция басқармасы жол және техникалық инспекциясы бөлімі қызметкерлері биыл қаңтар айында жолдарға 4450 км қамтумен 302 тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексерулер қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға 281 ұйғарым берілді. Жолдарды уақытында тазартпағаны үшін жолдардың жай-күйіне жауапты 42 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 1 миллион 378 мың 520 теңге айыппұл салынды. Жолдарды күтіп ұстау жағдайы Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлерінің әрдайым бақылауында.