Қытайда өтуі тиіс FedCup ойындарын Қазақстанға ауыстыру проблемасын Үкімет шешеді

Қытайда өтуі тиіс FedCup ойындарын Қазақстанға ауыстыру проблемасын Үкімет шешеді

Кейінгі кезде Қытайда коронавирустың өршуіне, дерттің аяқасты тез тарауына байланысты спорттық жарыстар өткізілмейтін болды, – деп жазады zakon.kz. Дереккөздің жазуынша, Халықаралық теннис федерациясы коронавирустың өршуіне байланысты Федерация кубогының іріктеу матчтарын өтуі тиіс Қытайдың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтанға ауыстыру туралы шешім қабылданғанын жариялады.

Қазақстан теннис федерациясы Федерация кубогының Азия/Мұхиттық топта жоспарланған іріктеу ойындарын Нұр-Сұлтанда өткізу мүмкіндігіне қатысты 27 қаңтарда ITF-тен ресми сауал түскенін хабарлады.
Сол күні Федерация бұл мәселені қарау үшін ҚР Үкіметіне ұсынды.
Үндістан, Оңтүстік Корея, Қытай, Тайвань, Индонезия және Өзбекстан командаларының қатысуымен өтетін жарысты 4-8 ақпан аралығында қабылдауға техникалық жағынан дайын екендігін растады.
Осы жағынан алғанда, FedCup іріктеу ойындарын Нұр-Сұлтанда өткізу туралы шешім қазір қарастырылып, шешіліп жатыр.