Ақтауда тіс емханасына белгісіз біреу пышақпен баса көктеп кірген
Ақтауда тіс емханасына белгісіз біреу пышақпен баса көктеп кірген
Пышақпен қаруланған адам 11-шағын аудандағы тіс емханасы кассасынан 200 мың теңгені ұрлап кеткен. Осы сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бүгін, 6 наурызда сағат 15:30 шамасында Ақтау қаласының 11-шағын ауданындағы тіс емханасын тонап кетті,– деп хабарлайды Lada.kz Бейнебақылау камерасына белгісіз адамның тіс емханасына кіріп, қызметкерлерді пышақпен қорқытқаны түсіп қалған. Ол кассадан 200 мың теңгені алып, кейін белгісіз бағытта жоғалып кеткен. Стоматологтардың айтуынша, күдікті ұсталған. https://youtu.be/CU4SYyvehUg