Атырау облысы «сары» аймаққа енді
Атырау облысы «сары» аймаққа енді
5,098
оқылды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 7 наурызда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Атырау облысы «сары» аймақта тұрған өңірлер қатарына өтті.

Бүгінгі матрица бойынша атап айтсақ: «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы және Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары тұр.

Өзге өңірлердің барлығы – «жасыл» аймақта. Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 802 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 218 101 адамға жетті.