Боксшы Сабырхан Махмұд халықаралық турнирде жеңімпаз атанды
Боксшы Сабырхан Махмұд халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Испанияда бокстан «Boxam» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.

Olympic.kz-тің хабарлауынша, 52 келіде шаршы алаңға шыққан қазақстандық Сабырхан Махмұд жарыс жеңімпазы атанды.

Ол финалда испаниялық Габриел Эскобарды ұтты. Ал 91 келіде жұдырықтасқан Василий Левит күміспен күптелді. Ақтық финалда Испания өкілі Эммануэль Рейес Плаға есе жіберді.

Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы аталған жарысты 1 алтын, 1 күміс және 4 қола жүлдемен аяқтады.