Қазақстанның кей аумақтарында жолдар ашылды

Қазақстанның кей аумақтарында жолдар ашылды

Ауа райының оңала түсуіне байланысты еліміздің кей өңірлерінде жолдар ашылып, көлік қозғалысы қалпына келтірілді.

Бүгіннен бастап Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен – Алтай – Рахман шоқысы» тасжолының 7-66 шақырымы, Ушановское ауылы – Алтай қаласы аумағында көлік қозғалысы қалпына келтірілді. 07.55-тен бастап «Атырау – Орал» автожолының 375-492 шақырымы, Чапаево ауылы – Орал қаласы аумағындағы жол бөлігі ашылды. 08.20-дан бастап «Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» тасжолының 0-152 шақырымы, Павлодар қаласы – РФ шекарасы аумағында көліктердің қозғалысына рұқсат берілді. Сонымен қатар, таңертеңнен «Самара – Шымкент» автожолының 776-965 шақырымы, Белоградка ауылы –Қарабұтақ ауылы аумағында көлік қозғалысы жанданды.