Ақтауда ер адам тіс емханасын тонап кеткен

Ақтауда ер адам тіс емханасын тонап кеткен

Ақтауда қолына пышақ алған ер адам тіс емханасына кіріп, қызметкерлерге қоқан-лоқы көрсетіп, кассадан 200 мың теңге алып кеткен. Бұл жайында "Лада" хабарлады. Ұры ақшаны алып, белгісіз бағытта кетіп қалған. Оқиға 6 наурызда 11-ықшамауданда болған. Болған жайт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ер адам тіс емханасына кіріп келгенде шамамен төрт қызметкер – екі ер адам мен екі әйел адам тұрған.Емхана қызметкерлерінің сөзінше, күдікті ұсталған. Жақын арада Маңғыстау облысының Полиция департаменті ресми түсініктеме береді.